Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы 2023 жылғы 11-15 желтоқсан аралығында АҚШ-тың Атланта қаласында БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының 10-шы сессиясына қатысты.
Іс-шара 190-ға жуық ел мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін қамтыды.
Кездесу барысында шетелдік әріптестерге Агенттіктің қызметі және жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар жеткізілді.
Бұдан басқа, бұл алаң АҚШ, Түркия, БАӘ және басқа елдердің әріптестерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін қолданылып, қаржылық тергеу, активтерді іздеу және қайтару мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Осындай кездесу түрлі елдердің құқық қорғау органдары мен ведомстволарының мамандарын біріктіретін халықаралық жемқорлыққа қарсы үйлестіру орталығының (International Anti-Corruption Coordination Centre) өкілдерімен өткізілді.
Шетелдік әріптестер серіктестік қатынастарды дамытуға қызығушылық білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қылмыстық жолмен алынған активтерді белгілеу, бұғаттау және қайтару саласында жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендіктерін хабарлады.
_________
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.