15. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.
16. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және Қамқоршылық кеңес қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады.
Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.
Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.
17. Хабарламаны алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің Қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын Қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды.
18. Қамқоршылық кеңестің төрағасы отырысты шақыру туралы ұсыныс түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңестің отырысын шақырады.
19. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің өкілдері оның отырыстарына дауыс беру құқығынсыз байқаушы ретінде қатысуға жіберіледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді.
21. Білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа оны беру құқығынсыз ие.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
24. Хаттама Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына жолданады.
25. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет-ресурсында Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.
26. Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады.
27. Білім беру ұйымының қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері:
1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;
2) басқа ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін – екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.
28. Қайырымдылық көмектерден түсетін түсімдер:
1) білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге;
2) беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;
3) спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға;
4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға.
29. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында, тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат береді.