"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

12.04.2022

Мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыртқы талдау шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға мемлекеттік органдардың мүдделілігі әлсіз екені байқалады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар үшін «Өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналған жоқ. Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың салаішілік жүйесінің анықталған тәуекелдеріне «Өңір – орталық» қағидаты бойынша ден қоюдың тиімді тетігі жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пассивтілігі сыбайлас жемқорлық деңгейінің нақты төмендеуіне сенуге мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу корпоративтік сектормен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз болып қалуда. Мемлекеттік функцияларды орындау кезінде мүдделер қақтығысының алдын алудың тиімді тетігі жоқ.

Ұрланған активтерді іздеу, оларды бюджетке қайтару мүліктің қылмыстық шығу тегін дәлелдеудің күрделілігіне байланысты екінші орында тұр. Алдын алу шаралары негізінен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған. Бұл мұндай болып табылмайтын, бірақ бұл ретте азаматтардың сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауына жоғары әсер ететін адамдар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу тиімділігін төмендетеді.

Оспанова А. Н



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 12.04.2022 09:43
Құрылған күні: 12.04.2022 10:07

Текст