Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық
Орта білім берудің оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындау үшін (ОЖСБ) ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулықтарды пайдалану және пәндер бойынша тест спецификациясына негізделу қажет.
Тест спецификациясы-тестінің жалпы сипаттамасы, тапсырмалардың саны мен мазмұны, белгілі бір емтихан үшін нақты пән мен пән бойынша тестілеу уақыты сипатталатын құжат.
Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына, жалпы білім беру оқу бағдарламасына сәйкес әзірленеді.
Спецификация білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының өзгеруіне, оқу бағдарламасына және емтихандарды өткізу форматындағы өзгерістерге сәйкес жаңартылады.
4 сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
* Жабық формадағы әрбір пән бойынша берілген төрт жауаптың бір дұрыс жауабы бар 15 тест тапсырмалары.
* Әдеби оқу бойынша оқу сауаттылығын тексеруге арналған мәтіндік тапсырмалар енгізілген •
4-сынып үшін ең жоғары балл-30 балл.
4 сынып оқушыларының орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау үшін «Жаратылыстану» пәні бойынша тест спецификациясы
4 сынып оқушыларының орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау үшін «Әдеби оқу» пәні бойынша тест спецификациясы
4 сынып оқушыларының орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау үшін «Математика» пәні бойынша тест спецификациясы
4 сынып оқушыларының орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау үшін «Дүниетану» пәні бойынша тест спецификациясы
Спецификация теста по предмету «Русский язык» для внешней оценки учебных достижений в среднем образовании учащихся 4 класса