Құрметті ата-аналар, "Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру " мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығына сәйкес мектепте заңды өкілдер ұсынған құжаттар негізінде тізімдерді қалыптастыру бойынша жұмыс басталды.
Тегін тамақ пен монетизацияға (ақшалай мемлекеттік төлемдер) өтініш бере алатын САНАТТАР:
АӘК алушылар (анықтаманы ХҚКО-дан алыңыз, сондай-ақ куәліктің көшірмесін, баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесін, неке қию немесе бұзу туралы куәлікті әкеліңіз;
Қамқорлықтағы балалар (қаулы) және баланың туу туралы куәлігі, қамқоршының жеке куәлігі;
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен ТӨМЕН отбасыларда тұратын балалар (жеке куәліктің көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі, некені қию немесе бұзу көшірмесі және МІНДЕТТІ ТҮРДЕ 1 қаңтардан қыркүйекке дейінгі кірістер туралы анықтама). Еске саламын: кірістер тек жалақы ғана емес, барлық отбасы мүшелерінің кірістері, кез-келген төлемдер;
Егер бастауыш сыныптарда тегін тамақтанатын болса, ата-аналар бұл балаларға да құжаттарды жинайды, өйткені монетизация барлық оқушыларға қолданылады. Егер ата-аналар бір балаға құжаттар әкелсе, онда біз тізімге бір баланы ғана қосамыз ! Сондықтан біздің мектептегі барлық оқушыларға әкелсін.
Назар аударыңыз ! Әр балаға ата-ана жеке құжаттар пакетін әкеледі!