14.11.2025
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта.Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына , халық байлығы.
Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ.
Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезеңде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздстірілді.
Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға байланысты жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер жасалып , ішіндегі « мықтылары »Елбасының таңдауына берілді. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізіліп , елдің қолына тиіп , ел мәре – сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 31 жыл толып отыр. Қазақ теңгесі Англияда басылды
Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі . Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді.