"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абыроймен және намыспен: біздің команда — үздіктер қатарында!

10.11.2025

2025 жылдың 7 қарашасында №1 жалпы орта мектеп базасында алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша аудандық олимпиаданың кезеңі өтті.
Бұл жарысқа қала мен ауданның 12 мектебінен командалар қатысып, өзара бақ сынасты.

Біздің мектептің намысын 9 «К» сынып оқушылары — Николаенко Кирилл, Кучма Николай, Иваниди Аврора және 10 «А» сынып оқушысы Бостыбаева Камила қорғады.
Олар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, жарыста ерекше көзге түсті. 

Команда жетістіктері:
Саптық дайындық — І орын
ОЗК кию — І орын
Әскери эстафета — ІІ орын
Спорттық эстафетада — лайықты өнер көрсетіп, қарсыластарынан аз ғана ұпаймен қалып қойды.

Жалпыкомандалық есеп бойынша біздің команда ІІ орынды иеленіп, бір-ақ ұпаймен бірінші орынды қолдан шығарып алды.

Бұл — біздің оқушылардың табандылығы мен намысының айғағы!
Олардың жеңісі — мектеп үшін үлкен мақтаныш!

Барлық қатысушыларды және жетекшілерін жоғары нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Просмотров: 505


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст